О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 24 апреля 2014 года №140 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 24 апреля 2014 года №140 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №140 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2016 90444_Some(109646).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002667
- ЭКБ идентификаторы
- 90444
- Редакция идентификаторы
- 90444_Some(109646)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы
24 сәуірдегі №140 қаулысына өзгеріс және
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №140 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2235 болып тiркелген, 2014 жылдың 14 маусымында №87-88 (17943-17944) «Ақ жол» газетiнде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1 тармақ келесі мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«1. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының энергетика, жылу энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.».
16 тармақ келісі абзацтармен толықтырылсын:
- коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері) бекітілген қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, экскалаторларды, фуникулерлерді) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;
- тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
- жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
- жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;
- жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;
- барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;
- тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын келісу;
- есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу;
- коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын әзірлеу;
- қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;
- 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруін үйлестіру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
- қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
- тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.