О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №250-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №250-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №250-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 264-V
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2015 88930_59919.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TF003166
- ЭКБ идентификаторы
- 88930
- Редакция идентификаторы
- 88930_59919
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:53
0 Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
24 желтоқсандағы №250-V «Индер
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №250-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3076 санымен тіркелген, «Дендер» газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;»;
2 2) 5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».