Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №272-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Макатском районе»

Ереже · № 287-V · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no272-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №272-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Макатском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 287-V ·20.03.2015
17.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №272-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Макатском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 287-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2014 года №272-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Макатском районе»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №272-V «Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
287-V
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
17.09.2015 88952_59588.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15TG003169
ЭКБ идентификаторы
88952
Редакция идентификаторы
88952_59588
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:58

0 Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы

24 желтоқсандағы №272-V «Мақат
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №272-V «Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3073 санымен тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;»;

2 2)5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».

2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы