Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Мактааральского районного маслихата от 24 февраля 2014 года №28-150-V «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 39-238-V · қабылданған 28.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no28-150-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Мактааральского районного маслихата от 24 февраля 2014 года №28-150-V «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 39-238-V ·28.01.2015
20.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Мактааральского районного маслихата от 24 февраля 2014 года №28-150-V «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 39-238-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Мактааральского районного маслихата от 24 февраля 2014 года №28-150-V «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39-238-V
Қабылданған күні
28.01.2015
Көрсетілген редакция
20.06.2016 86936_93144.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UG003050
ЭКБ идентификаторы
86936
Редакция идентификаторы
86936_93144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:53

0 Мақтаарал аудандық мәслихатының

2014 жылғы 24 ақпандағы №28-150-V
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Мақтаарал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2573 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 9 мамыр (Жеңіс күні): Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) қайталап некеге отырмаған ата-анасына, зайыбына (жұбайына), біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
9 тармағы мынадай 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) атаулы әлеуметтік көмек алатын аудан тұрғындарын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Ұлттық телехабар тарату қызметтеріне қосуды қамтамасыз етуге, біржолғы 15,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) Адамның Имун Тапшылығының Вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған Имун Тапшылығының Синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы