О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года №402 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Акима Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года №402 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Акима Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 09.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 93843_83009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003344
- ЭКБ идентификаторы
- 93843
- Редакция идентификаторы
- 93843_83009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:26
0 «Оңтүстік Қазақстан облысы
Әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы №402
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №402 «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2971 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
«1. Жалпы ережелер» деген тараудың 9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.».
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева