Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 24 апреля 2015 года № 107-595 «Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны»

Қаулы · № 107-902 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-107-595/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 24 апреля 2015 года № 107-595 «Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны» Күшін жойған 02.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 24 апреля 2015 года № 107-595 «Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны»

Күшін жойған Қаулы № 107-902 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 24 апреля 2015 года № 107-595 «Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107-902
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
02.02.2023 153861_620386.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21A0001312
ЭКБ идентификаторы
153861
Редакция идентификаторы
153861_620386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Астана қаласының орта білім беру

ұйымдарындағы психологиялық
қызметтің жұмыс істеу қағидасын
бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 24-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 908 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 2 маусымдағы № 58 (3263) «Астана ақшамы», № 58 (3281) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыда:
қаулының тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша және Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасындағы (бұдан әрі – Қағида) «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
Қағидада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Психологиялық қызмет құрамына білім беру мекемелерінің басшысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары, педагогтер және Білім беру ұйымының қамқоршылар кеңесінің өкілі кіреді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Психологиялық қызметтің жұмысын «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) үйлестіреді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Психологиялық қызмет ынтымақтастық туралы жасалған шарттар (келісімдер) негізінде педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен және психология кафедраларымен өзара әрекеттеседі.»;
18-тармақтың 3), 11), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жалпы психология, педагогикалық психология және тәжірибелік психология, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, дефектология, психотерапия, психогигиена негіздері, кәсіптік тану, еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психологиялық алдын алу, әлеуметтік, тәжірибелік және жас ерекшелік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңаша жетістіктері туралы білімі бар;»;
«11) аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім дағдарыстық жағдайларға тап болатын балалар мен жасөспірімдерді анықтайды;
12) тәуекелдер туындаған кезде психодиагностиканың нәтижелері бойынша ата-аналарға хабарлайды, консультативтік жұмыс жүргізеді және қажет болған жағдайда оларды мамандарға жібереді («Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес)»;
19-тармақтың 1), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық (психологтардың қызметіне жетекшілік ететін әдістемелік бірлестігімен келісілген және мақұлданған психодиагностикалық әдістер) консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдауға;»;
4) Психологиялық қызметтің қызметіне жетекшілік ететін әдіскерлермен, денсаулық сақтау мамандарымен байланысты ұстауға;»;
22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі және тізбесі (психологтардың қызметіне жетекшілік ететін әдістемелік бірлестікпен келісілген)».

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.