Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"

Бұйрық · № 358 · қабылданған 27.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-110-ekb-104491/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре" Қолданыста Бұйрық ·№ 358 ·27.05.2016
27.05.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"

Қолданыста Бұйрық ·№ 358 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"
Атауы (қаз.)
"Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
358
Қабылданған күні
27.05.2016
Көрсетілген редакция
27.05.2016 104491_Some(99894).kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013864
ЭКБ идентификаторы
104491
Редакция идентификаторы
104491_Some(99894)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:59

0 «Құқықтық кадастрда жылжымайтын

мүлікке құқықтарды жүйелі түрде
тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 10539 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеуді жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:
«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленіп, құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәлiметтермен толықтыру мақсатында құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзудiң мерзiмi мен тәртiбiн айқындайды және есепке алу сипатында болады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«3. Осы Қағидалар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, тiркеушi органға (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қолданылады.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылады:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелi түрде тiркеу құқық иеленушiлердiң өтiнiшi келiп түскен және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы шынайы деректер басқа ақпараттық жүйелерден ауыстырылған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«8. Осы Қағидалардың 6-тармағында аталған мемлекеттік органдар ақпаратты тіркеуші органға жүйелі түрде тіркеу шеңберінде өтеусіз негізде ұсынады.»

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________Д. Абаев
2016 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__»_________

Қолданыстағы