О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"
- Атауы (қаз.)
- "Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 98994_63934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013061
- ЭКБ идентификаторы
- 98994
- Редакция идентификаторы
- 98994_63934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:16
0 «Құқықтық кадастрда жылжымайтын
мүлікке құқықтарды жүйелі түрде
тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет
Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 10539 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакциядада жазылсын:
«7. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелi тiркеу құқық иеленушiлердiң өтiнiшi келiп түскен және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы шынайы деректер басқа ақпараттық жүйелерден ауыстырылған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бастапқы және кейiнгi объектiлерге бұрын туындаған құқықтарды есептiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде құқық иеленушінің жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорты ұсынылмайды. Жүйелi тiркеудi жүргiзу кезiнде мемлекеттік техникалық тексеруді жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк техникалық есепке алу құзыретiне жатқызылған «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттiк корпорациясы өтеусiз жүзеге асырады.».
2 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
____________А. Исекешев
2016 жылғы «14» қантар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «14» қантар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі министрінің
____________Е. Досаев
2016 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
міндетін атқарушы
__________М.Құсайынов
2016 жылғы «14» қантар