Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил представления декларации по обороту биотоплива»

Бұйрық · № 6 · қабылданған 04.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-118-ekb-121812/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил представления декларации по обороту биотоплива» Қолданыста Бұйрық ·№ 6 ·04.01.2018
04.01.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил представления декларации по обороту биотоплива»

Қолданыста Бұйрық ·№ 6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил представления декларации по обороту биотоплива»
Атауы (қаз.)
«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
04.01.2018
Көрсетілген редакция
04.01.2018 121812_323681.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016822
ЭКБ идентификаторы
121812
Редакция идентификаторы
121812_323681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:10

0 «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10617 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында:
«Биоотын айналымының теңгерімі» биоотын айналымы бойынша декларацияның» 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаевқа) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов
2018 жылғы 5 сәуір

1 «Биоотын айналымының теңгерімі» биоотын айналымы бойынша декларация

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша
Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
«Биоотын айналымының теңгерімі»
биоотын айналымы бойынша декларация
Индексі: БОАД 1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына
Ұсыну мерзімі: ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін
ЖСН/БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Мемлекеттік кірістер органының коды
р/с№
Био отын тү­рі
Био отын­ның ДСН ко­ды
Қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы
Өнім бе­ру­ші/ алушы
Өнім бе­ру­ші/ алушы­ның ата­уы
Өнім бе­ру­ші­нің/алушы­ның ЖСН/БСН
Есеп­ті ке­зең ба­сы­на қал­ды­ғы
Био­отын тү­сті
Бар­лы­ғы
өз өн­ді­рі­сі­нен
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
им­порт бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Жиы­ны
Кестенің жалғасы:
Алушы­лар­дан өнім­дер­ді қай­та­ру
Өт­кі­зіл­ді (ти­еп жө­нел­тіл­ді)
Іле­с­пе жүк­құ­жат
Жет­кі­зу­ші­лер­ге өнім­ді қай­та­ру
Бү­лін­ге­ні, жо­ғал­ға­ны
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғы­ны
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
Бар­лы­ғы
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға одан әрі са­ту үшін
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға, олар­дың же­ке қа­жет­ті­лік­те­рі үшін (соң­ғы тұ­ты­ну­шы­ға)
же­ке қа­жет­ті­лік­те­ріне пай­да­ла­ныл­ды
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
экспортқа
нө­мі­рі
күні
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
Жеке кәсіпкер ________________________/____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
Басшысы __________________________/____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________/____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
Декларация қабылданған күн __________________
_________________________________________________________________ / _____________
(Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
Пошта штемпелінің күні ______________________ (декларация поштамен ұсынылған
жағдайда толтырылады)
Ескертпе:
декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген;
аббревиатурларды ашып жазу:
БОАД – биоотын айналымы бойынша декларация;
Био отынның ДСН коды – биоотынның дербес сәйкестендіру нөмірі- коды көрсетіледі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
биоотын айналымы бойынша декларация
Нысан мынадай үлгіде толтырылады:
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда биоотын түрі көрсетіледі;
3-бағанда био отынның ДСН коды көрсетіледі;
4-бағанда қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі;
5-бағанда биоотынның өнім берушісі немесе биоотынның алушысы көрсетіледі;
6-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының атауы көрсетіледі;
7-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;
8-бағанда биоотынның есепті кезең басындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі;
9-бағанда барлық түскен биоотын (тоннада) көрсетіледі;
10-бағанда өз өндірісінен биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;
11-бағанда жеке және заңды тұлғалардан биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;
12-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;
13-бағанда импорт бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;
14-бағанда алушылардан өнімдерді (биоотын) қайтару (тоннада) көрсетіледі;
15-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;
16-бағанда жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;
17-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;
18-бағанда жеке қажеттіліктерге пайдалану үшін тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;
19-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;
20-бағанда экспортқа биоотын (тоннада) өткізілген (тиеп жөнелтілген) көрсетіледі;
21-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі;
22-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі;
23-бағанда жеткізушілерге өнімді (биоотынды) қайтару (тоннада) көрсетіледі;
24-бағанда биоотынның бүлінгені, жоғалғаны (тоннада) көрсетіледі;
25-бағанда биоотынның нормалар шегіндегі шығыны (тоннада) көрсетіледі;
26-бағанда биоотынның есепті кезеңнің соңындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі.

Қолданыстағы