Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 24 августа 2015 года № 130 «Об утверждении регламента государственной услуги «Присвоение статуса оралмана»

Қаулы · № 721 · қабылданған 24.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-130-ekb-110280/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 24 августа 2015 года № 130 «Об утверждении регламента государственной услуги «Присвоение статуса оралмана» Күшін жойған Қаулы ·№ 721 ·24.02.2017
06.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 24 августа 2015 года № 130 «Об утверждении регламента государственной услуги «Присвоение статуса оралмана»

Күшін жойған Қаулы ·№ 721 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 24 августа 2015 года № 130 «Об утверждении регламента государственной услуги «Присвоение статуса оралмана»
Атауы (қаз.)
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
721
Қабылданған күні
24.02.2017
Көрсетілген редакция
06.02.2020 110280_444518.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0005750
ЭКБ идентификаторы
110280
Редакция идентификаторы
110280_444518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:02

0 «Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту
туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
24 тамыздағы № 130 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы

24 тамыздағы № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5127 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
10-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды);».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы