О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 24 апреля 2015 года № 136 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 24 апреля 2015 года № 136 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений"
- Атауы (қаз.)
- "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 10.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 107554_447816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0005139
- ЭКБ идентификаторы
- 107554
- Редакция идентификаторы
- 107554_447816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:34
0 «Жер қатынастары саласында
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11052 тіркелген 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрықтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бекітілген акт немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
порталға - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
порталға - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
порталға - көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
порталға - көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты (бұдан әрі - рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11052 тіркелген, бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.»;