О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 24 апреля 2015 года № 137 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление земельного участка для строительства объекта в черте населенного пункта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 24 апреля 2015 года № 137 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление земельного участка для строительства объекта в черте населенного пункта»
- Атауы (қаз.)
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 25.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 102178_459715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0004877
- ЭКБ идентификаторы
- 102178
- Редакция идентификаторы
- 102178_459715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:57
0 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы, 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 24 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13161 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 137 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
регламентте және оның қосымшаларында ««Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – «ЖерҒӨО» РМК)», «халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО БЫЖ)», «ХҚКО ЫАЖ», ««ЖерҒӨО» РМК», ««ЖерҒӨО» РМК-ға», «ХҚКО-на», «ХҚКО қызметкері», «ХҚКО арқылы» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияның филиалына», «Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МК ЫАЖ)», «МК ЫАЖ», «Мемлекеттік корпорацияның филиалы», «Мемлекеттік корпорацияның филиалына», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның қызметкері», «Мемлекеттік корпорация арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексарыға жүктелсін.
4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 24 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.