О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил организации централизованных торгов электрической энергией»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил организации централизованных торгов электрической энергией»
- Атауы (қаз.)
- «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 13.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 138738_438940.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019892
- ЭКБ идентификаторы
- 138738
- Редакция идентификаторы
- 138738_438940
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:23
0 «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 20__жылғы «__» ________ №___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген
Электр энергиясының
орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) есеп айырысу ведомосы – орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын және қызмет көрсетушi банкке орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн жiберiлетiн құжат;
2 2) екі жақты аукцион әдісі – сұраныс пен ұсыныстың сараланған графиктерін салыстыру арқылы бағаны айқындауға негізделген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу тетігі;
3 3) жұптың ең аз саны – жасалған «сатушы-сатып алушы» жұптардың ең аз санына мәліметті қамтамасыз ететін тетік;
4 4) клирингтік баға – «бір күн бұрын» режимінде спот-сауда-саттықтың қорытындылары бойынша электр энергиясын сатып алу-сатуды есептесу үшiн сұраным мен ұсыныстың сараланған графигін салыстырумен анықталған операциялық тәулiктiң әрбiр сағаты үшiн электр энергиясының бағасы;
5 5) қызмет көрсететін банк – электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы айқындаған және сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың мiндеттемелерiн қаржылық реттеудi жүзеге асыратын банк;
6 6) мәміле бағасы – «операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттықтың сауда сессиясы барысында айқындалған электр энергиясының бағасы (талап етiлген ыңғайласпа өтiнiмде көрсетiлген баға);
7 7) сараланған график – сауда-саттыққа қатысушылардың өтiнiмдерінiң оларда көрсетiлген бағалар бойынша, ал біркелкі бағалар кезінде – олардың электрондық сауда жүйесіне түсу уақыты бойынша бiр тәртiпке келтiрiлген тiзiмі;
8 8) «сатушы-сатып алушы» жұбының тiзiмi – «сатушы-сатып алушы» жұбы қалыптастырылатын электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
9 9) сауда-саттық қатысушысы – электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысуға шарт жасасқан және электрондық сауда жүйесінде нарық операторы тiркеуден өткiзген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi;
10
10) сауда-саттық операторы – электрондық сауда жүйесіндегi жұмыс бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының оқытуынан өткен және парольдерге рұқсаты бар, сауда-саттыққа қатысуға байланысты ақпаратты енгiзуге құқылы электр энергиясының көтерме нарығы субъектiсiнiң жауапты қызметкерi;
11 11) сауда-саттықта жасалған мәмілелердің тізілімі – спот-сауда-саттықта мәмілелер жасасуды және орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі орталықтандырылған сауда-саттық бойынша мәмілелерді тіркеуді растайтын, орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
12 12) сауда сессиясы – сауда-саттыққа қатысу үшін өтiнiмдер беру жүзеге асырылатын, сондай-ақ электр энергиясының сатып алынған (сатылған) бағасын, көлемiн және орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша «сатушы-сатып алушы» жұптарды белгілеу жүзеге асырылатын процесс;
13 13) сауда-саттық лоты – энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер шегінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы қалыптастыратын баға диапазоны;
14 14) табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңi – Қазақстан Республикасының су ресурстарын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар – су электр станциялары (бұдан әрі - СЭС) су жіберуді жүзеге асыратын уақыт кезеңi;
15
15) төлемдi қамтамасыз ету – жасалған мәмiленiң тиiстi түрде орындалуын қамтамасыз етуші болып табылатын, берiлген өтiнiмдегi электр энергиясы көлемi құнының мөлшерiнде спот-сауда-саттықтардың өтуі басталғанға дейiн қызмет көрсететін банкке салатын орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы;
16 16) үздiксiз ыңғайласпа сауда-саттық әдiсі – келіп түскен өтінімдер қолда бар ыңғайласпа өтінімдер есебінен қанағаттандырылатын электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу тетігі;
17 17) электр энергиясының бағасы – орта мерзімді, ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттық барысында айқындалған электр энергиясының бағасы;
18 18) электрондық сауда жүйесі – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық өткiзудi қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық құрамдар кешенi;
19 19) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының арасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу туралы жасалатын жазбаша шарт;
20
20) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуға берілетін өтiнiм – электр энергиясының бағасын, көлемiн және жеткiзу мерзiмiн көрсете отырып, электр энергиясын сатып алу (сату) үшiн орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға арналған сауда-саттыққа қатысушының ресми мәлiмдемесi (өтiнiшi);
21 21) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығы – электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот-сауда-саттығы), орта мерзiмдi (апта, бiр ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңы;
22 22) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткiзу графигі – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткiзу күнiн, басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып жасалатын график.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3 3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына мына ұйымдар үшін болуымен расталған, көтерме сауда нарығына рұқсаты бар электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (бұдан әрі– Нарық субъектісі) жіберіледі:
1 1) энергия өндіруші ұйымдар үшін:
жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар;
жүйелік оператормен электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар;
2 2) энергия беруші ұйымдар үшін:
жүйелік оператормен ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар;
жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар;
электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бірыңғай сатып алушымен шарт жасасу;
3 3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін:
энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия;
жүйелік оператормен ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар;
жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар;
электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бірыңғай сатып алушымен шарт жасасу;
4 4) электр энергиясын тұтынушылар үшін:
жүйелік оператормен ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар;
жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар;
электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бірыңғай сатып алушымен шарт жасасу.
4 4. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу шарттары мыналар болып табылады:
1 1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында қатысу шартын жасасу;
2
2) орталықтандырылған сауда нарығының операторы әзірлеген нысандар бойынша сауда-саттыққа қатысушыны электрондық сауда жүйесінде тіркеуге өтінішті және сауда-саттыққа қатысушының тіркеу картасын толтыра отырып, орталықтандырылған сауда нарығының операторының электрондық сауда жүйесінде сауда-саттыққа қатысушыны тіркеу;
3 3) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарды орындау.
5 5. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығына қатысу шарты мыналарды қамтиды:
1
1) шарт мәні, орталықтандырылған сауда нарық операторы көрсететін қызмет түрлері, төлем уақытында төленбеген жағдайда қызмет көрсетуді тоқтату және төлеу мерзімдері мен тәртібі. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметтерін нарық субъектілері Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы және кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген тариф бойынша төлейді;
2 2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу және электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу үшін нарық субъектісіне ұсынылатын өлшемдер мен талаптар;
3 3) орталықтандырылған сауда-саттық өткізу әдістемесі, оның ішінде мәмілелерді тіркеу және сауда-саттық нәтижелері туралы сауда-саттық қатысушыларына хабарлау тәртібі;
4 4) сауда-саттық қатысушысы сатып алған электр энергиясын төлеуді қамтамасыз ету сомасын, төлеу мерзімін айқындау тәртібі;
5 5) шарт талаптарын бұзғаны үшін шарт қатысушыларының жауапкершілігі.
6 6. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарық операторының электрондық сауда жүйесiнiң интернет-ресурстарында Интернет желiсiн пайдалана отырып, жасырын, қашықтықтан жүргізіледі.
7 7. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы мыналардан тұрады:
1 1) «бір күн бұрын» режимінде спот-сауда-саттығы;
2 2)«операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттығы;
3 3) орта мерзiмдi (бiр апта, бiр ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған сауда-саттық.
8 8. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырады және өткізеді.
9 9. Сауда-саттықты жүргiзу рәсiмi мыналарды қамтиды:
1 1) сауда-саттыққа қатысушының электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтiнiм) беруі;
2 2) бағаларды есептеу және орталықтандырылған сауда нарығы операторының «сатушы-сатып алушы» жұбы тізімін қалыптастыруы;
3 3) орталықтандырылған сауда нарығы операторының «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімін қалыптастыруы және сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне енгізуі;
4 4) сауда-саттыққа қатысушыларды өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабардар ету.
10 10. Нарық субъектісіне электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу үшін мына талаптарды орындау қажет:
1 1) электрондық сауда жүйесінің деректер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдармен сауда-саттық операторының жұмыс орнын жабдықтау;
2 2) орталықтандырылған сауда нарығының операторына электрондық сауда жүйесінде жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторынан нұсқаудан өткен уәкілетті тұлғалар – сауда-саттық операторларының тізімін ұсыну;
3 3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергетикасы саласында көзделген шарттар жасасу.
Спот-сауда-саттығына қатысу үшін нарық субъектісі қызмет көрсетуші банкте банктік шот ашады және электр энергиясын сатып алуға төлем қамтамасыз етуді енгізеді.
2 2-тарау. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртiбi
1 1-параграф. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының функциялары
11 11. Орталықтандырылған сауда нарық операторы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруды жүзеге асыру мақсатында:
1 1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
2 2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
3 3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
4 4) нарық субъектілерінің осы Қағидалардын 4-тармағында көзделген талаптарға сай келуiн айқындайды;
5 5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
6 6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөнiндегi ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
7 7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді;
8 8) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлейді;
9 9) электрондық сауда жүйесін электр энергиясының көтерме сауда нарығына электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге тұрақты дайындықта ұстайды;
10 10) нарық субъектілерінің коммерциялық тәуекелдерін барынша төмендету мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясы үшін кепілдендірудің және өзара есеп айрысудың орталықтандырылған жүйесін әзірлейді және енгізеді;
11 11) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу графигін қалыптастырады және бекітеді;
12 12) сауда-саттық қатысушыларын сауда-саттық басталғанға дейін кемінде үш күнтізбелік күн бұрын электрондық жүйесінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыру жолымен алдағы сауда-саттық туралы хабарлайды;
13 13) электрондық сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша сауда-саттық операторларына нұсқау жүргізеді;
14 14) қызмет көрсетуші банкпен және сауда-саттық қатысушыларымен орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу және өзара есеп айрысу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
15 15) электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жедел жасауда барлық нарық субъектілеріне жәрдем көрсетеді;
16 16) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен өзара іс-қимыл жасайды;
17 17) жасалған орталықтандырылған сауда-саттық мәмілелерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
18 18) жүйелік оператор ұсынатын нақты теңгерімнің деректері бойынша электрондық сауда жүйесіне қатысушылар үшін орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
12
12. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, кәсіпкерлік саласындағы заңнамасының және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізу барысында жасалған «сатушы-сатып алушы» жұбы мәмілелерінің тізілімінде тіркеуді жүзеге асырады.
13
13. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергия жүйесі жұмыс істеген жағдайда энергия жүйесі аймақтары бойынша бөлек орталықтандырылған сауда нарығының операторы энергия жүйесінің әрбір аймағы үшін бөлек орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізеді. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергия жүйесінің аймақтары бойынша бөлек орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуді орталықтандырылған сауда нарығының операторы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
14 14. Орталықтандырылған сауда нарық операторы интернет-ресурсынде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу графигін жариялайды.
2 2-параграф. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында өтінімдер беру тәртібі
15 15. Сауда-саттыққа қатысушылар электр энергиясын сатуға (сатып алуға) өтiнiм береді. Өтінім беру сауда сессиясы ашылған сәттен бастап және өтiнiмдi қабылдау аяқталғанға дейін жүргізіледі.
16 16. Сауда-саттыққа қатысушының өтінім беруі Интернет желісін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
17 17. Сауда-саттыққа қатысушының Интернет желісін пайдалана отырып берілетін өтінімдерін сауда-саттыққа қатысушы дербес қалыптастырады.
18 18. Сауда-саттыққа қатысушы өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейiн алдында берiлген өтiнiмдi жаңа өтiнiм беру жолымен өзгерте немесе оның күшін жоя алады.
19 19. Сатуға өтiнiм берілген электр энергиясы басқа шарттық міндеттемелерден еркін.
20 20. Экспорттық (импорттық) операцияларға арналған электр энергиясы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес сауда-саттыққа қатысушының кедендік ресімдеуіне жатады.
21 21. Өтінімде мынадай негізгі мәліметтер қамтылады:
1 1) сауда-саттық қатысушысының атауы;
2 2) өтiнiмнiң түрi (сатып алуға немесе сатуға);
3 3) қосылған құн салығын есепке алмағандағы электр энергиясының бағасы (бұдан әрі – ҚҚС);
4 4) жеткiзудi бастау мен аяқтау мерзiмiн көрсете отырып, электр энергиясын жеткiзу (тұтыну) кезеңi (жыл, тоқсан, ай, апта, тәулiк сағаттары);
5 5) сатып алуға (сатуға) мәлімденген электр энергиясының сағаттық көлемi;
6 6) сатып алуға (сатуға) мәлімденген электр энергиясының жиынтық көлемi;
7 7) өтiнiмге қол қойған басшының немесе жауапты тұлғаның тегi мен аты-жөнi;
8 8) сауда-саттыққа қатысушының сатып алуға немесе сатуға мәлімделген электр энергиясының көлемi кемінде бір мың киловатт сағатты құрайды және бір мың киловатт сағатқа еселенген.
3 3-параграф. «Бір күн бұрын» режимінде спот-сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу
22 22. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын спот-сауда-саттықта күнтізбелік айда өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің 10% аспайтын көлемде электр энергиясына шекті тарифтен асатын тариф бойынша сата алады.
23 23. «Бір күн бұрын» режимінде спот-сауда-саттық екі жақты аукцион әдісімен жүргiзiледi.
24 24. Электр энергиясын «бір күн бұрын» режимінде сатып алуға және сатуға арналған сауда-саттыққа қатысушылардың өтiнiмдерiнен орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясына сұраныс пен ұсыныстардың сараланған графигін жасайды:
1 1) сатып алуға арналған өтiнiмдер өтiнiмдерде көрсетiлген бағаның азаю тәртiбiнде, ал бағалар тең кезінде – олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезегi тәртiбiнде сараланады;
2 2) сатуға арналған өтiнiмдер өтiнiмдерде көрсетiлген бағаның өсуi тәртiбiнде, ал бағалар тең кезінде – олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезегi тәртiбiмен жүргізіледі.
25 25. Операциялық тәулiктiң әрбiр сағатына арналған клирингтiк бағаның анықтауы орталықтандырылған сауда нарығының операторымен сұраным мен ұсыныстың сараланған графигін салыстырумен жүргізіледі.
26
26. Егер электр энергиясының сатуға немесе сатып алуға арналған түпкілікті талап етiлген өтiнiмде электр энергиясының ең аз жол берiлген сағаттық көлемi туралы шарт болса және бұл шарт қолда бар сұраныс (ұсыныс) кезiнде орындалмаған жағдайда, онда мұндай сатуға (сатып алуға) өтiнiм келесi кезектегi сату (сатып алу) өтiнiмiмен алмастырылады.
27
27. Әрбiр операциялық тәулiкке арналған клирингтiк бағаны есептеуден кейiн орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемiн және осы көлемге өтiнiмдерi (толық немесе iшiнара) енген сауда-саттыққа қатысушылардың тiзiмiн айқындайды. Оларға клирингтiк бағадан төмен немесе оған тең сатуға баға мәлiмдеген сатушылар және клирингтiк бағадан жоғары немесе оған тең сатып алуға бағаны мәлiмдеген сатып алушылар жатады. Клирингтiк бағаны есептеу, осы көлемге өтiнiмдерi енген сатып алудың (сатудың) көлемiн және сауда-саттыққа қатысушылардың тiзiмiн айқындау негiзiнде орталықтандырылған сауда нарығының операторы сауда-саттыққа қатысушылардың арасында өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін «жұп сандарын неғұрлым азайту» қағидатына сүйене отырып, «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімдерін қалыптастырады.
28
28. Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесіндегі электр энергиясын өндiру-тұтыну режимiн жоспарлау кезеңiнде Ұлттық электр желісiнiң жекелеген учаскелерiнде артық жүктеме (техникалық шектеулер) анықталған жағдайда орталықтандырылған сауда-саттық нарық субъектiлерi резервтеген жүктелетiн қиманың өткізу қабiлеттiгiнiң шегінде өткізіледі.
29 29. Сауда сессиясы аяқталғаннан кейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға электр энергиясын қабылдау (босату) есебінің нүктелерін көрсете отырып, электр энергиясын жеткізу (тұтыну) көлемдерін келісуге «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімін келісуге береді.
30 30. Мәміле жүйелік оператордың оны іске асырғаны расталған сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында қалыптасқан «сатушы-сатып алушы» жұбын орталықтандырылған сауда нарығының операторы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркейді.
31
31. Орталықтандырылған сауда нарық операторы жүйелiк оператордан оған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған/сатылған көлемдерін енгiзе отырып, бекiтiлген тәулiктiк графикті алғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қызмет көрсетуші банкке сауда-саттыққа қатысушылар арасында олардың сауда-саттықта жасасқан мәмiлесi бойынша өзара есеп айырысуды жүргiзу туралы көрсете отырып, есеп айырысу ведомосын жібереді.
32
32. Орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындылары бойынша бекiтiлген тәулiктiк графикке енгiзiлген электр энергиясын жеткiзу мен тұтынудың барлық көлемдерiн орталықтандырылған сауда нарығының операторы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларға сатылған және сатып алынғандар ретінде белгіленеді.
33 33. Сауда-саттық егер:
1
1) жүйелiк оператор Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес бекітілген тәртіпте сауда-саттықтың нәтижелерi бойынша электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемдерiн келiспеген;
2 2) электр энергиясын сатып алуға (сатуға) өтiнiмдер болмаған;
3 3) сауда-саттыққа 3 сауда-саттық қатысушысынан кем адам қатысқан;
4 4) сұраныс пен ұсыныстың сараланған графиктері қиылыспаған және сұраныс графигінің сатып алуға берiлген бiрде-бiр өтiнiмi ұсыныс графигінің сатып алуға берiлген кез келген өтiнiмiнiң бағасына қарағанда, артық бағаны құрамаған жағдайда, өтпедi деп жарияланады.
Сауда-саттықтың нәтижелерi туралы орталықтандырылған сауда нарығының операторы сауда-саттыққа қатысушыларды сағат 18-00-ге дейiн Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен хабарлайды.
4 4-параграф. «Операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
35 35. «Операциялық тәулік ішінде» сауда-саттық үздіксіз ыңғайласпа әдісі бойынша жүргiзiледi.
36
36. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер операциялық тәулік ішінде сауда-саттық сессиясы ашылған сәттен бастап операциялық тәулікке қабылданады. Сауда-саттыққа қатысушылар электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік графигінің барлық сағаттарына операциялық тәулік ішінде сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беруді жүзеге асырады.
37 37. Барлық қабылданған өтінімдер мынадай сатып алу мен сату қанағаттандырылмаған өтінімдер кезегінде жинақталады:
1 1) сатып алуға берілген өтінімдер оларда көрсетілген бағаның азаю тәртібінде, баға тең кезінде – олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезегiнiң тәртiбiнде сараланады;
2 2) сатуға берiлген өтiнiмдер оларда көрсетiлген бағаны көбейту тәртібінде, баға тең кезінде – олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезегiнiң тәртiбiнде сараланады.
38
38. Электр энергиясын сатуға жаңадан келiп түскен өтiнiм сатып алуға қолда бар өтiнiмдер есебiнен қанағаттандырылады, оларда сатып алу бағасы ең жоғары бағаны қамтитын сатып алуға арналған өтiнiмнен бастап түскен өтiнiмнiң бағасынан жоғары немесе тең. Осы процесс не сатуға түскен осы өтiнiмдi толық қанағаттандырғанға дейiн, не болмаса баға бойынша қолдануға келетiн өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.
39
39. Электр энергиясын сатып алуға жаңадан келiп түскен өтiнiм, ең төмен бағаны құрайтын сатуға түскен өтiнiмнен бастап, сату бағасы келiп түскен өтiнiм бағасынан төмен немесе тең сатуға қолда бар өтiнiм есебiнен қанағаттандырылады. Бұл үдеріс не сатып алуға түскен осы өтiнiмдi толық қанағаттандырғанға дейiн, не болмаса баға бойынша қолдануға келетiн өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.
Жаңадан келіп түскен өтiнiм негізінде сатып алуға (сатуға) түскен талап етiлген ыңғайласпа өтiнiмдердiң санына байланысты «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімі анықталады. Мәмiлелер талап етiлген ыңғайласпа өтiнiмде көрсетілген баға бойынша жасалады.
40 40. Электр энергиясын сатып алуға (сатуға) арналған толық қанағаттандырылған өтiнiмдер бұдан әрi сауда-саттықта қатыспайды. Iшiнара қанағаттандырылған өтiнiмдер электр энергиясын сатып алудың (сатудың) қанағаттандырылмаған көлемi бөлігінде сауда-саттыққа қатысуын жалғастырады.
41 41. Толық қанағаттандырылған өтінімдер қабылдау (жіберу) нүктелерiн көрсетумен электр энергиясын нақты жеткiзудiң операциялық сағатына дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей электр энергиясының жеткiзу (тұтыну) көлемiн келісуге жүйелік операторға жіберіледі.
42 42. «Сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімі қабылдау (жіберу) нүктелерiн көрсетумен электр энергиясын нақты жеткiзудiң операциялық сағатына дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей электр энергиясының жеткiзу (тұтыну) көлемiн келісуге жүйелік операторға жіберіледі.
43
43. Жүйелік оператор спот-сауда қорытындыларының «операциялық тәулік ішінде» техникалық іске асырылуын тексереді. Техникалық шектеулер болған жағдайда (толық немесе жеке сағат бойынша) жүйелік оператор әрбір операциялық сағат бойынша себептерді көрсете отырып, орталықтандырылған сауда нарығының операторын хабардар етеді.
44 44. Мәміле жүйелік оператордың оны іске асырғаны расталған сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында қалыптасқан «сатушы-сатып алушы» жұбын орталықтандырылған сауда нарығының операторы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркейді.
45
45. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы үш жүмыс күні iшiнде жүйелiк оператордан электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясы көлемдерiнiң тәулiктiк графикке енгiзiлгендiгi туралы растау алғаннан кейiн банкке сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы олардың сауда-саттықта жасалған мәмiлелерi бойынша банктiң сатып алушының шотынан оның орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алған электр энергиясына арналған сомасын акцептсiз тәртiппен есептен шығару жолымен өзара есеп айырысу жүргiзу үшiн есеп айырысу ведомосын жібереді.
46
46. Сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы мәміле жүйелiк оператормен электр энергиясының жеткiзу (тұтыну) көлемдерi келiсiлмеген жағдайда жасалмайды, ол туралы орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелiк оператордан ақпаратты алған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде сауда-саттыққа қатысушыларды хабарландырады.
5 5-параграф. Электр энергиясының орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
47 47. Электр энергиясының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттығы үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісімен жүргізіледі.
48 48. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы сауда лоттарын қалыптастырады.
49 49. Энергия өндіруші ұйымдардың сатуға арналған өтінімдері энергия өндіруші ұйымдардың осы тобы үшін уәкілетті орган белгілеген электр энергиясына арналған шекті тариф шамасынан аспауға тиіс.
50
50. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы бір жыл мерзімге, бір тоқсанға, бір айға, бір аптаға, электр энергиясының түрі бойынша – аптаның барлық күндеріне біркелкі график бойынша (бұдан әрі – базалық электр энергиясы) базалық жүктемені жабу үшін электр энергиясын жеткізу (бұдан әрі – базалық электр энергиясы) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізеді.
51 51. Сауда сессиясын өткізу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
1 1) орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда сессиясын ашуы;
2 2) сауда-саттыққа қатысушылардан сатып алуға өтінімдерді қабылдау сауда сессиясы ашылғаннан кейін жүзеге асырылады;
3 3) сауда-саттыққа қатысушылардан сатуға өтінімдер қабылдау сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады;
4 4) электр энергиясының бағасын есептеу және «сатушы-сатып алушы» жұптарын қалыптастыру;
5 5) орталықтандырылған сауда нарық операторының сауда сессиясын жабуы және сауда-саттық қорытындыларын шығару.
Сауда сессиясын өткізу мерзімі мен уақыты орталықтандырылған сауда нарық операторының ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
52
52. Сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алуға қабылданған өтінімдері сауда-саттық лоттары бойынша бөлінеді және олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезектілігі тәртібімен сараланады. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы белгілеген интервалға сәйкес сатып алуға өтінім беруді жүзеге асырмаған сауда-саттыққа қатысушылар электр энергиясының бағасын есептеуге және «сатушы-сатып алушы» жұптарын қалыптастыруға жіберілмейді.
53
53. Сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін сауда-саттыққа қатысушылар жаңа өтінім беру жолымен бұрын берілген өтінімді алып тастай алады немесе өзгерте алады. Сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін сауда-саттыққа қатысушылар бұрын берілген өтінімнің бағасын ғана өзгерте алады, бұл ретте өтінім көлемі өзгертуге жатпайды.
54 54. «Сатушы-сатып алушы» жұпты қалыптастыру және электр энергиясының бағасын есептеу сатуға арналған өтінімдер электрондық сауда жүйесіне түскеннен кейін жүргізіледі.
55 55. Егер сауда-саттықтың электрондық сауда жүйесіне сатуға өтінімдер түскен кезде сауда-саттықтың барлық лоттары бойынша сатып алуға өтінімдер болмаса, орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы сауда-саттық сессиясын жабады.
56
56. Егер сауда-саттықтың электрондық сауда жүйесіне сатуға арналған өтінім (өтінімдер) келіп түскен сәтте сауда-саттық лоттары бойынша сатып алуға қарсы өтінімдер болмаса, онда бұл жағдайда сатуға арналған өтінім қанағаттандырылмаған өтінімдер кезегіне айналады. Сатуға өтінімдер олардың электрондық сауда жүйесіне түсу кезектілігі тәртібімен сараланады.
57 57. Сауда-саттық лоттары бойынша бағаны есептеу және «сатушы-сатып алушы» жұбы қалыптастыру процесі өтінімдер түскен кезде сауда-саттық сессиясы барысында жүргізіледі:
1
1) сатуға келіп түскен өтiнiм сатып алуға қолда бар өтiнiмдер есебiнен қанағаттандырылады, оларда сатып алу бағасы сауда жүйесіне уақыттан бұрын келіп түскен сатып алуға арналған өтiнiмнен бастап түскен өтiнiмнiң бағасынан жоғары немесе тең. Осы процесс не сатуға түскен осы өтiнiмдi толық қанағаттандырғанға дейiн, не болмаса баға бойынша қолдануға келетiн өтiнiмдер таусылғанға дейiн жалғасады. Ықтимал қарсылама өтінімдерді қайта іріктеу сауда-саттықтың барлық лоттары бойынша жүзеге асырылады;
2
2) сатып алуға келіп түскен өтiнiм сатуға қолда бар өтiнiмдер есебiнен қанағаттандырылады, оларда сату бағасы сауда жүйесіне уақыттан бұрын келіп түскен сатуға арналған өтiнiмнен бастап түскен өтiнiмнiң бағасынан төмен немесе тең. Бұл үдеріс не сатып алуға түскен осы өтiнiмдi толық қанағаттандырғанға дейiн, не болмаса баға бойынша қолдануға келетiн өтiнiмдер таусылғанға дейiн жалғасады. Ықтимал қарсылама өтінімдерді қайта іріктеу сауда-саттықтың барлық лоттары бойынша жүзеге асырылады;
3 3) келіп түскен өтiнiм негізінде сатып алуға (сатуға) түскен талап етiлген ыңғайласпа өтiнiмдердiң санына байланысты бір немесе одан артық «сатушы-сатып алушы» жұбы қалыптастырылуы мүмкін. «Сатушы-сатып алушы» жұбы сатуға талап етілген қарсы өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша қалыптастырылады.
58 58. Электр энергиясын сатып алуға (сатуға) арналған толық қанағаттандырылған өтiнiмдер бұдан әрi сауда-саттықта қатыспайды. Iшiнара қанағаттандырылған өтiнiмдер электр энергиясын сатып алудың/сатудың қанағаттандырылмаған көлемi бөлiгiнде орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуын жалғастырады.
59 59. Сатуға өтінімдер беруді жүзеге асыратын сауда-саттыққа қатысушылар электр энергиясының шексіз өтінімдерін бере алады. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттық сессиясы барысында берген кез келген өтінімді ол «сатушы-сатып алушы» жұбы тізімін қалыптастырғанға дейін алып тастауы мүмкін.
60 60. Сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша:
1 1) электр энергиясының бағасы анықталады (ҚҚС қоспағанда);
2 2) сауда-саттық қорытындылары бойынша өткізілген электр энергиясының көлемі айқындалады;
3 3) «сатушы-сатып алушы» жұбының тiзiмi айқындалады;
4 4) сауда-саттықта жасалған мәмілелердің тізілімі жасалады.
61 61. Осы Қағидалардың 33-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде «сатушы-сатып алушы» жұбын айқындау жүзеге асырылмайды және сауда-саттық өтпеді деп жарияланады.
62 62. Сауда-саттыққа қатысушының сатылған өтінімдері туралы ақпарат нақты уақыт режимінде орталықтандырылған сауда нарығы операторының интернет-ресурсында бейнеленеді және тек осы сауда-саттыққа қатысушыға ғана қолжетімді.
Сауда-саттық сессиясы аяқталғаннан кейін сауда-саттық қорытындысы бойынша тиісті хабарламалар сауда-саттыққа қатысушыға Нұр-сұлтан уақытымен сағат 18-00-ге дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық жеңімпаздарының анонимдік шарттары сақтала отырып, сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей орталықтандырылған сауда-саттық нарығы операторының интернет-ресурсында жарияланады.
63 63. СЭС жыл сайын наурыздың үшінші онкүндігінде орталықтандырылған сауда нарығының операторына суды табиғатты қорғау арқылы жіберу кезеңінде СЭС өндіретін орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатудың жоспарланған көлемі туралы ақпарат береді.
64 64. Жүйелік оператор сұрау салу бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторына табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде өндірілетін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысатын СЭС суының орташа жылдық шығыстары туралы ақпарат береді.
65 65. СЭС өндіретін электр энергиясын сату кезеңі табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңімен анықталады.
66
66. Су ағынының көлемі бойынша хаттаманың деректері негізінде СЭС табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде электр энергиясын сатудың жоспарланған көлемін анықтайды. Табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде СЭС өндірілетін орталықтандырылған сауда-саттығында өткізілетін электр энергиясының көлемін жоспарлау кезінде, СЭС алдыңғы жылғы Жүйелік оператордың деректері бойынша орташа жылдық су шығыстары шеңберінде өндірілетін электр энергиясын қоспайды.
67
67. Өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін СЭС табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде орталықтандырылған сауда-саттықта өткізілетін электр энергиясының көлемін жоспарлау кезінде, Жүйелік оператордың алдыңғы жылғы деректері бойынша орташа жылдық су шығыстары шеңберінде өндірілетін электр энергиясының көлемін және өнеркәсіптік кешеннің ішкі қажеттілігін жабуға арналған электр энергиясының көлемін қамтымайды.
68 68. Орталықтандырылған сауда-саттықта осы Қағидалардың 67 және 68-тармақтарына сәйкес айқындалатын орташа жылдық су шығыны шеңберінде өндірілетін көлемдерді қоспағанда, табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясының көлемі сатылуға жатады.
69
69. СЭС және жүйелік оператордан алдын ала ақпарат алғаннан кейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу күнін белгілейді, электр энергиясының СЭС сатудың жоспарланған көлемі және электр энергиясын жеткізудің жоспарланған кезеңі туралы ақпаратты орталықтандырылған сауда нарығы операторының Интернет-ресурсында жариялайды.
70 70. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы екі кезеңде табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізеді:
1 1) бірінші кезеңде табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясының жоспарлы көлемнің өткізуі тиіс. Электр энергиясының осы көлемін өткізу осы Қағидалардың 47-тармағынан 63-тармағын қоса алғанға дейінгі тармақтарында айқындалған тәртіппен өтеді;
2 2) екінші кезеңде орталықтандырылған сауда нарығының операторы Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасына сәйкес СЭС сатылған көлемін қоспағанда, су шығыстары бойынша түзетілген деректер негізінде қосымша сауда-саттық өткізуді жариялайды.
71
71. Жоспарлы мәндерден жоғары су шығыны белгіленген СЭС осы Қағидалардың 47-тармағынан 63-тармағын қоса алғанға дейінгі тармақтарында айқындалған тәртіппен немесе өз таңдауы бойынша осы Қағидалардың 22-тармағынан 34-тармағын қоса алғанға дейінгі тармақтарында айқындалған тәртіппен орталықтандырылған сауда-саттықта қосымша көлемдерді өткізеді.
Осы Қағидалардың 47-тармағынан 63-тармағын қоса алғанға дейінгі тармақтарына сәйкес электр энергиясының қосымша көлемін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, СЭС табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде СЭС өндіретін электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін бұл туралы орталықтандырылған сауда нарығының операторын алдын ала хабарлайды.
6 6-параграф. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасында электр энергиясын сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасасу
72 72. Спот-сауда-саттықтың қорытындылары бойынша электр энергиясын жеткізу (сату) орталықтандырылған сауда-саттықта құжатсыз нысанда жасалған мәмілелердің негізінде сауда-саттыққа қатысушылар осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
73
73. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының қорытындылары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасасуды сауда-саттыққа қатысушылар орталықтандырылған сауда нарығының операторынан алынған хабарламалар негізінде дербес жүзеге асырады. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының қорытындылары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату (жеткізу) шарттарын жасасу кезінде сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарламада көрсетілген ақпаратты (сатып алынған/сатылған электр энергиясының көлемі, сауда-саттық барысында анықталған баға, электр энергиясын жеткізу кезеңі) қолданады.
74 74. Спот сауда-саттығында жасалған мәміленің орындалуы, сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемiн жүйелiк оператор тәулiктiк графикке енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
75
75. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясы сауда-саттығының қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторынан сауда-саттыққа қатысушылар алған хабарлама қалыптастырылған «сатушы-сатып алушы» жұбы мәмілелер тізіліміне енгізілгенін растау болып табылады және электр энергиясын сатып алу-сатудың екі жақты шартын жасауға негіз болады.