О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил организации и деятельности государственной системы гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил организации и деятельности государственной системы гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 18.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2021 152289_512472.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022089
- ЭКБ идентификаторы
- 152289
- Редакция идентификаторы
- 152289_512472
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:49
0 «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. АҚМЖ құрылымы мен кіші жүйелерінің құрамы»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. АҚМЖ аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi.
Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссияны, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерін, күнделiктi басқару органын («112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін, кезекші-диспетчерлік қызметтер), осы аумақтағы салалық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, құлақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн қамтиды.
Аумақтық кiшi жүйелердiң құрылымы әкімдердің шешімімен айқындайды.
Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi, мемлекеттiк органдардың объектiлiк және жергiлiктi төтенше жағдайлар кезiндегi өзара iс-қимыл жасау тәртiбi азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесімен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады.
6. АҚМЖ салалық кiшi жүйелерiн азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органдар құрады.
Салалық кiшi жүйелердiң құрылымын, олардың мiндеттерiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекiтiледi.
Бұл ретте әрбiр салалық кiшi жүйеге, оның буындарына оның құрылымынан шыға отырып, басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), әлеуетті қауіпті объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөнiндегi күштер мен құралдар кiредi.
7. АҚМЖ-дың республикалық деңгейіне: Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың мобильді пункттерi жатады. АҚМЖ шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудi шешiмдері ұсынымдық сипатта болатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады.
8. АҚМЖ аумақтық деңгейіне: жергiлiктi атқарушы органдар, салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттері, азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың басқармалары, аудандық және қалалық төтенше жағдайлар бөлiмдері), ұйымдардың кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi ұсынымдық сипатта болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. АҚМЖ басшылығы мен басқару органдары»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссиялар құрылады, оның ішінде:
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi аумақтық комиссиялар;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;
4) азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдардың, олардың басшыларының шешiмi бойынша құрылатын эвакуациялық комиссиялар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi туралы ереженi Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес айқындайды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ереженi Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының шешімдерімен айқындайды.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакоқабылдайтын комиссиялардың құрылымы мен құрамын, қажет жағдайда олардың құрылуын орталық және жергілікті атқарушы органдардың сәйкес басшыларының шешімдерімен айқындайды.»;
14-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның кезекшiлік-диспетчерлік қызметтерiнен;»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жұмыс істеудің әртүрлі режимдерінде АҚМЖ қызметін ұйымдастыру тәртібі»;
16-тармақ 3)-тармақшадағы оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«АҚМЖ, оның кіші жүйелерінің және буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығы, аумақтық бөлімшелермен (облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың департаменттерімен), облыстық маңызы бар қалалардың басқармаларымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерімен келісу бойынша АҚМЖ түрлі деңгейдегі басшы органдары қабылдайды.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. АҚМЖ жүйесінде даярлау және оқыту»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы хабар беру тәртібі»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабар беру мына тәртіппен жүзеге асырылады:
1) төтенше жағдайлар туындаған кезде төтенше жағдай фактісі және ахуал туралы ақпарат:
барлық деңгейдегі әкiмдердің аппараттары, ұйымдар, сондай-ақ халық – дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелеріне;
ұйымдар – өздерiнiң өкiлеттiктеріне сәйкес дереу орталық атқарушы органдарға;
азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері – дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына; орталық атқарушы органдар – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат береді;
2) жаhандық және өңірлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты қосымша:
азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері – азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның тиісті аумақтық бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне;
азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға бередi.».
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру тәртібі»;
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашалығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі