Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 15-1/565 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"

Бұйрық · № 337 · қабылданған 26.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-15-1565-ekb-106262/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 15-1/565 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 337 ·26.07.2016
17.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 15-1/565 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 337 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 15-1/565 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"
Атауы (қаз.)
"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №15-1/565 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
337
Қабылданған күні
26.07.2016
Көрсетілген редакция
17.09.2020 106262_481943.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014239
ЭКБ идентификаторы
106262
Редакция идентификаторы
106262_481943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:15

0 «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 маусымдағы
№15-1/565 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 11874 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мыналар:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранысына теріс жауабы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес талап етілетін олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтердің (улы химикаттардың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;
4) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану қызметтеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер болып табылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2016 жылғы 17 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2016 жылғы 28 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы

Қолданыстағы