Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 152, Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 684, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 3 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1062 «Об утверждении Содержания и Правил профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации сотрудников правоохранительных органов Ре

Бұйрық · № 144 · қабылданған 28.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-152-25-2015-no-684-28-2015-no-3-25-2015-no-1062/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 152, Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 684, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 3 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1062 «Об утверждении Содержания и Правил профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации сотрудников правоохранительных органов Ре Күшіне енбеген 28.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 152, Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 684, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 3 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1062 «Об утверждении Содержания и Правил профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации сотрудников правоохранительных органов Ре

Күшіне енбеген Бұйрық № 144 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 152, Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 684, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 3 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1062 «Об утверждении Содержания и Правил профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации сотрудников правоохранительных органов Ре
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 жетоқсандағы № 3 және Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 б
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
144
Қабылданған күні
28.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
28.08.2026 I229572_1.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039774
ЭКБ идентификаторы
229572
Редакция идентификаторы
I229572_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 жетоқсандағы № 3 және Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 3 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12798 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының:
34-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Академияда кәсіби даярлау экономикалық тергеу қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына бірінші рет қызметке тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту «Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 санымен тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.