Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала, непосредственно участвующего в обеспечении безопасности полетов»

Бұйрық · № 398 · қабылданған 27.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-159-ekb-113869/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала, непосредственно участвующего в обеспечении безопасности полетов» Қолданыста Бұйрық ·№ 398 ·27.06.2017
27.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала, непосредственно участвующего в обеспечении безопасности полетов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 398 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала, непосредственно участвующего в обеспечении безопасности полетов»
Атауы (қаз.)
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
398
Қабылданған күні
27.06.2017
Көрсетілген редакция
27.06.2017 113869_214219.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015420
ЭКБ идентификаторы
113869
Редакция идентификаторы
113869_214219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:40

0 Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Авиация персоналын (бұдан әрі – авиация персоналы) кәсіптік даярлау тәртібін және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:
1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;
2) авиация персоналын қайта даярлауды;
3) авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдауды қамтиды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авиация персоналын кәсіптік даярлау тәртібі»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклі қамтамасыз етіледі.»

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы