Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала»

Бұйрық · № 433 · қабылданған 26.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-159/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала» Қолданыста Бұйрық ·№ 433 ·26.06.2019
26.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала»

Қолданыста Бұйрық ·№ 433 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 159 «Об утверждении Правил профессиональной подготовки авиационного персонала»
Атауы (қаз.)
«Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
433
Қабылданған күні
26.06.2019
Көрсетілген редакция
26.06.2019 135157_423171.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018923
ЭКБ идентификаторы
135157
Редакция идентификаторы
135157_423171
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:22

0 «Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авиация персоналына жататын адамдар өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықты жүргізеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиация персоналын кәсіптік даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсіптік даярлаудың әзірленген, уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Авиация персоналын кәсіптік даярлау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) тиісті құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұйымдарында немесе сертификаттары уәкілетті ұйым таныған шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында) жүзеге асырылады.
10. Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында ғана жүргізіледі.
11. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және/немесе техникалық және әдістемелік мүмкіндігі мен тиісті мамандардың және/немесе оқытушы ұйымның тиісті саладағы кәсіптік даярлауды жүзеге асыруға заңды құқығы болған жағдайда, азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.
12. Шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын уәкілетті ұйым танығаннан кейін ғана олар азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және олардың біліктілігін қолдауға жіберіледі.
13. Уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарымен шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың авиация персоналын оқытуына рұқсат етіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдерінің шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындауға құқық беретін, уәкілетті ұйым әзірлеген және келісілген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша авиациялық оқу орталықтары және азаматтық авиация ұйымдарындағы кәсіптік даярлау аяқталғаннан кейін оқудың аяқталғандығын растайтын құжат беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қолданыстағы