О внесении изменений в постановление акимата от 24 апреля 2015 года № 163 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 24 апреля 2015 года № 163 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»
- Атауы (қаз.)
- Әкiмдіктiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 163 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 24.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 101358_441508.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006269
- ЭКБ идентификаторы
- 101358
- Редакция идентификаторы
- 101358_441508
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:58
0
Әкiмдіктiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 163 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкiмдіктің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 163 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентінде:
4-бөлімде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
« 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.».