Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 164 «Об утверждении требований минимального состава экипажа судна»

Бұйрық · № 336 · қабылданған 09.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-164-ekb-112793/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 164 «Об утверждении требований минимального состава экипажа судна» Қолданыста Бұйрық ·№ 336 ·09.06.2017
09.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 164 «Об утверждении требований минимального состава экипажа судна»

Қолданыста Бұйрық ·№ 336 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 164 «Об утверждении требований минимального состава экипажа судна»
Атауы (қаз.)
«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
336
Қабылданған күні
09.06.2017
Көрсетілген редакция
09.06.2017 112793_194310.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015228
ЭКБ идентификаторы
112793
Редакция идентификаторы
112793_194310
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:50

0 «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 ақпанда жарияланған,) мынандай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Шұғыл эвакуациялық, жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейінгі, экипаж құрамы екі ауысыммен жұмыс жасайтын және жағалауда жүзуді жүзеге асыратын кемелердің экипажының ең аз құрамына капитан және аға механик кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. «Aut» рәмізімен мұз сыныпты авариялық-құтқару буксирларында кеме экипажының ең аз құрамына вахталық капитанның көмекшісі және вахталық механик тиісінше электромеханикпен және екінші механикпен аустырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы