Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 «Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них»

Бұйрық · № 241 · қабылданған 27.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-165-ekb-112542/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 «Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них» Қолданыста Бұйрық ·№ 241 ·27.04.2017
27.04.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 «Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них»

Қолданыста Бұйрық ·№ 241 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 «Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них»
Атауы (қаз.)
«Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
241
Қабылданған күні
27.04.2017
Көрсетілген редакция
27.04.2017 112542_192985.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015157
ЭКБ идентификаторы
112542
Редакция идентификаторы
112542_192985
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:14

0 «Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген және 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 35-2-тармақпен толықтырылсын:
«35-2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
________________ М. Тілеуберді
2017 жылғы «____» _______________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 27 сәуір

Қолданыстағы