Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»

Бұйрық · № 255 · қабылданған 16.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-166-ekb-230105/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям» Күшіне енбеген 16.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»

Күшіне енбеген Бұйрық № 255 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
255
Қабылданған күні
16.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
16.09.2026 I230105_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039901
ЭКБ идентификаторы
230105
Редакция идентификаторы
I230105_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:40
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;
3) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
4) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
5) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.».

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі