Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 167 «Об утверждении методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям»

Бұйрық · № 316 · қабылданған 28.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-167-ekb-143374/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 167 «Об утверждении методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям» Қолданыста Бұйрық ·№ 316 ·28.05.2020
19.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 167 «Об утверждении методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 316 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 167 «Об утверждении методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
316
Қабылданған күні
28.05.2020
Көрсетілген редакция
19.08.2020 143374_480740.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020778
ЭКБ идентификаторы
143374
Редакция идентификаторы
143374_480740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:18

0 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі:
9-тармақтың 16 және 25-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«kҚҚС – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 34-бабына сәйкес қосылған құнға салық мөлшерлемесі (бұдан әрі – ҚҚС) (халықаралық қатынастарда қосылған құнға салық коэффициенті алдыңғы кезең фактісі бойынша сараптамалық бағалау арқылы анықталады).».
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Облысаралық қатынастар бойынша тасымалдаушының шығындарын есептеу кезінде локомотивтік тартқыш қызметіне шығындар ескерілмейді.».
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16.Әлеуметтік төлемдер – бұл «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төленетін әлеуметтік салық, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы заңға сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар мен төдемдер және еңбекақы төлеу қорынан есептелетін «Міндетті медецинаны сақтандыру туралы» 2015 жылғы
16 қарашадағы заңға сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.».
36-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабымен белгіленген міндетті сақтау төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (тасымалдаушы өз жұмыскерлерінің пайдасына жасасқан жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша тасымалдаушы төлейтін жарналар)»;».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы