Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи»

Бұйрық · № 459 · қабылданған 31.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-171-ekb-125774/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи» Қолданыста Бұйрық ·№ 459 ·31.10.2018
31.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 459 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи»
Атауы (қаз.)
«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
459
Қабылданған күні
31.10.2018
Көрсетілген редакция
31.10.2018 125774_370461.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017712
ЭКБ идентификаторы
125774
Редакция идентификаторы
125774_370461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:45

0 «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
11-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Заңның 20-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Тізімге (бұдан әрі – Тізім) сай шұғыл жедел қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104) және құтқару (112) қызметтерді шақыру пайдаланушылар үшін Тізімге сәйкес тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірлермен байланысты ажыратып тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ұялы байланыс операторы Заңның 20-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Тiзімге (бұдан әрі – Тізім) сай абоненттерге тегін қосылуды ұсынуды қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыруларға қосылу, сондай-ақ 1414 нөміріне қысқа мәтіндік хабарламалар ұялы байланыс операторларымен тарифтелмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы