«О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 171 «Об утверждении правил оказания услуг связи»
- Атауы (қаз.)
- «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315/НҚ
- Қабылданған күні
- 21.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2019 136373_430001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019650
- ЭКБ идентификаторы
- 136373
- Редакция идентификаторы
- 136373_430001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:45
0 «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
22-тармақта:
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) электрондық цифрлық қолтаңбаны (SIM-карта үшін) қолдау функциясымен абоненттің сәйкестендіру картасы бар болған кезде, абонентті таңдау бойынша ұсынады.»;
28-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жазбаша немесе ауызша (ауызша өтініш білдірген сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша өтініш бере отырып), оны пайдалануды бұғаттау мақсатында ұялы байланыс операторына абоненттік құрылғының немесе абоненттің сәйкестендіру кодының бүлінгендігі (жойылғандығы), жоғалғандығы (ұрланғандығы) туралы хабарлауы қажет. Күдікті жағдайда, ұялы байланыс операторы абоненттің сәйкестендіру картасының мәліметтеріне абоненттің құқықтарын растайтын қосымша мәліметтер сұрастырады. Ұялы байланыс операторы абоненттің жоғалған сәйкестендіру картасын бұғаттау сәтіне дейін, абонент ұялы байланыс қызметтеріне төлем бойынша барлық міндеттемелерді өз мойнына алады;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) электрондық цифрлық қолтаңбаны (SIM-карта үшін) қолдау функциясымен абоненттің сәйкестендіру картасы бар болған кезде, өз таңдауы бойынша ұялы байланыс операторынан алады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі