Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Балхашского района от 24 февраля 2015 года № 19 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Балхашского района"

Қаулы · № 127 · қабылданған 08.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-19/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Балхашского района от 24 февраля 2015 года № 19 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Балхашского района" Күшін жойған 26.09.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Балхашского района от 24 февраля 2015 года № 19 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Балхашского района"

Күшін жойған Қаулы № 127 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Балхашского района от 24 февраля 2015 года № 19 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Балхашского района"
Атауы (қаз.)
Балқаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Балқаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
08.06.2015
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2015
Көрсетілген редакция
26.09.2016 92220_276682.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DF003283
ЭКБ идентификаторы
92220
Редакция идентификаторы
92220_276682
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Балқаш ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 24 ақпандағы
«Балқаш ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы» № 19 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Балқаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 наурызында № 3111 тіркелген, «Балқаш өңірі» газетінде 2015 жылдың 28 наурызында № 13 (7543) жарияланған) № 19 қаулысымен бекітілген «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 9-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 64.»;
17-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.

3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.