О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 "О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 "О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования"
- Атауы (қаз.)
- "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 211
- Қабылданған күні
- 29.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2026 106634_818576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014271
- ЭКБ идентификаторы
- 106634
- Редакция идентификаторы
- 106634_818576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:56
0
«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, 1-қосымшадағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу»:
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Павлодар облысының су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, 2-қосымшасындағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері»:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;».
2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;