Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 «О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования»

Бұйрық · № 30-9/64 · қабылданған 04.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-190-ekb-167431/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 «О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования» Күшін жойған 13.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 «О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования»

Күшін жойған Бұйрық № 30-9/64 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 «О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30-9/64
Қабылданған күні
04.05.2022
Көрсетілген редакция
13.05.2026 167431_818584.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027934
ЭКБ идентификаторы
167431
Редакция идентификаторы
167431_818584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы
24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салудың:
12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына 16 сәуірден 30 мамыр қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
5) бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша 15 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдерінің:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 11 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 31 мамырдан 15 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының ащы тұзды су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
7) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
8) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.».

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.