О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 196 «Об утверждении сертификационных требований к организациям по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 196 «Об утверждении сертификационных требований к организациям по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники»
- Атауы (қаз.)
- «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 17.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2023 178155_615960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031730
- ЭКБ идентификаторы
- 178155
- Редакция идентификаторы
- 178155_615960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:37
0 «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендірудің) барлық сатысында:
1) бұйымның атауы мен нөмірінен;
2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжаттаманың (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан;
3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен;
4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен;
5) жөндеуді орындаушылар мен бақылаушылардың тегінен және қолынан (мөртаңбасынан, жеке таңбасынан) тұратын бақылау құжаттамасы ресімделеді.
Бақылау құжаттамасын осы Сертификаттау талаптарының 22-тармағына сәйкес электрондық түрде жүргізуге және электрондық базада сақтауға жол беріледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымы ондағы ақпараттың өзектілігін сақтау үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулыққа қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулықты және оның кейінгі өзгерістерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі