Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств"

Бұйрық · № 597 · қабылданған 27.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-233-ekb-96309/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств" Күшін жойған Бұйрық ·№ 597 ·27.11.2015
26.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 597 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств"
Атауы (қаз.)
"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
597
Қабылданған күні
27.11.2015
Көрсетілген редакция
26.06.2019 96309_412202.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012410
ЭКБ идентификаторы
96309
Редакция идентификаторы
96309_412202
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:25

0 «Заңды тұлғаларды, филиалдар

мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері
бойынша мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекіту
туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың  5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б. Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қолданыстағы