О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 277 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 277 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 08.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2023 102324_656724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CK004889
- ЭКБ идентификаторы
- 102324
- Редакция идентификаторы
- 102324_656724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:42
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл
ауданында әлеуметтік көмек көрсету,
мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың 7 тармағында:
«1 маусым - Балаларды қорғау күні» деген сөздер «қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармағының 8) тармақшасында:
«1 маусым - балаларды қорғау күніне орай» деген сөздер «қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күніне орай» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Б. Бисенгалиева