О внесении изменения в решение акима Астраханского района от 24 ноября 2015 года № 28 «Об образовании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Астраханского района от 24 ноября 2015 года № 28 «Об образовании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 28 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 05.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2018 108596_381791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BF005645
- ЭКБ идентификаторы
- 108596
- Редакция идентификаторы
- 108596_381791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:04
0 Астрахан ауданы әкімінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 28 «Сайлау учаскелерін
құру туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Астрахан ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы білім басқармасының
«№ 6 Агротехникалық колледжі Астрахан
селосы» мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің директоры В. Быстрицкая
5.12.2016 ж.
Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы
«Астрахан орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Е. Құрманов
5.12.2016 ж.
Астрахан аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Қалдыбаев
5.12.2016 ж.