Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 287 «Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами»

Қаулы · № 10 · қабылданған 17.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-287/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 287 «Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами» Қолданыста Қаулы ·№ 10 ·17.01.2024
17.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 287 «Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами»

Қолданыста Қаулы ·№ 10 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 287 «Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами»
Атауы (қаз.)
«Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
17.01.2024
Көрсетілген редакция
17.01.2024 192663_681470.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000010
ЭКБ идентификаторы
192663
Редакция идентификаторы
192663_681470
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:28

0

«Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім
лицензия/ қорытынды/ рұқсат
-
ЭТРМ
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Қауіпті қалдықтар
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
»;
реттік нөмірлері 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.
1) Жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы дәрілік шикізат
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
2) Жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсімдіктердің ғылыми зерттеулерге арналған үлгілері
қорытынды
-
ЭТРМ
6.
Жабайы фауна мен флораның 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) қолданылу аясына жататын түрлері
рұқсат
-
ЭТРМ
7.
Жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсімдіктердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
8.
1) Асыл тастар (алмас)
мемлекеттік бақылау актісі/ Кимберлий процесінің сертификаты/ Кимберлий процесінің сертификаты туралы мәліметтер
-
ӨҚМ
2) Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастан басқа), табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдері, алмас үгінділері мен ұнтағы, өңделген, бірақ ілдірікке қондырылмаған немесе қарабайыр өнеркәсіптік емес алмас (гауһар тастар), өңделмеген немесе жай арамен кесілген, ұсақталған немесе алғашқы өңдеуге ұшырағандарды қоспағанда, өнеркәсіптік алмас, асыл тастар мен табиғи інжуден жасалған бұйымдар
мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
9.
1) Бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары
лицензия/ қорытынды/ мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
2) Құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендері, концентраттары, түсті металдар өндірісінің құрамында бағалы металдар бар жартылай өнімдері
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
3) Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар, монеталар
мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
10.
Минералды шикізат түрлері
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
»;
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12.
Есірткі мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
»;
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
15.
Ақпаратты жария етпей алуға арналған арнайы техникалық құралдар
лицензия
ҰҚК
ӨҚМ
қорытынды
-
ҰҚК
16.
Шифрлау (криптографиялық) құралдары
лицензия
ҰҚК
ӨҚМ
қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізілуі туралы мәліметтер
-
ҰҚК
»;
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20.
Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат
лицензия
-
ӨҚМ
»;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы