О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 24 ноября 2015 года № 314 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 24 ноября 2015 года № 314 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 27.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2020 110952_459449.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0004925
- ЭКБ идентификаторы
- 110952
- Редакция идентификаторы
- 110952_459449
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:00
0 «Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 785 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 14327) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1.«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 314 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4294 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпандағы № 11 (17251) «Дидар», 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 11 (19763) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың бiлiктiлiгін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.».