Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 343 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 01-01-03/49 · қабылданған 26.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-343/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 343 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 01-01-03/49 ·26.08.2016
23.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 343 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 01-01-03/49 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 343 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 343 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-01-03/49
Қабылданған күні
26.08.2016
Көрсетілген редакция
23.12.2016 106149_694997.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16LG005595
ЭКБ идентификаторы
106149
Редакция идентификаторы
106149_694997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:57

0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның

мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» Жаңақорған аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
24 желтоқсандағы №343 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы ХLІХ сессиясының №343 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5305 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде 2016 жылғы 6 ақпандағы №10 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
3-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесі;»;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Орта білім алғаннан кейін «Бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.
Студенттерге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі төлемдерді және тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге көрсетіледі.»;

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Делмұханов_____________
« 26 » тамыз 2016 жыл

Қолданыстағы