О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 357 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геодезии и картографии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 357 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геодезии и картографии»
- Атауы (қаз.)
- «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 17.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2020 130834_460751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018557
- ЭКБ идентификаторы
- 130834
- Редакция идентификаторы
- 130834_460751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:20
0 «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154
бұйрығына 1-қосымша
2 «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына 2-қосымша
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
ЭҮП арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен расталады.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып көрсетілген қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен берілген өтінімінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің басталуына негіз болып табылады.
5 5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 (жиырма) минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына (бұдан әрі – басшылық) береді;
2 2) басшылық құжаттар түскен күні 20 (жиырма) минут ішінде қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына (бұдан әрі – басқарма басшысы) береді;
3 3) басқарма басшысы құжаттар түскен күні 15 (он бес) минут ішінде қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) береді;
4 4) орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қарауға сұраным дайындайды;
басқарма басшысы кәсіпорынға қарауға жолдау үшін 15 (он бес) минут ішінде сұранымды келіседі;
басшылық кәсіпорынға қарауға жолдау үшін 20 (жиырма) минут ішінде сұранымға қол қояды;
кеңсе сұранымды басшылық қол қойған күні тіркейді және кәсіпорынға қарауға жолдайды;
5 5) кәсіпорын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттеп қарайды және олар бойынша өз құзыреті шегінде орындаушыға қорытынды жолдайды;
6 6) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
басқарма басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде келіседі;
басшылық 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
7 7) кеңсе 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.
6 6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтінім;
2 2) танысқан және салынған қарар;
3 3) кәсіпорынға сұранымды жолдау:
кәсіпорынға бұрыштама қойылған сұраным;
кәсіпорынға қол қойылған сұраным;
кәсіпорынға тіркелген шығыс нөмірі бар сұраным;
4 4) кәсіпорын жауабына талдау жүргізу;
5 5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
тіркелген шығыс нөмірі бар мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім:
электрондық тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді;
қағаз тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басылып шығарылады, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және мөрмен расталады.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері):
1 1) кеңсе;
2 2) басшылық;
3 3) басқарма басшысы;
4 4) орындаушы тартылған.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1 1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 (жиырма) минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды басшылыққа береді;
2 2) басшылық құжаттар түскен күні 20 (жиырма) минут ішінде қарар жазады және құжаттарды басқарма басшысына береді;
3 3) басқарма басшысы құжаттар түскен күні 15 (он бес) минут ішінде қарар жазады және құжаттарды орындаушыға береді;
4 4) орындаушы құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпорынға қарауға сұранымды дайындайды;
басқарма басшысы кәсіпорынға қарауға жолдау үшін 15 (он бес) минут ішінде сұранымды келіседі;
басшылық кәсіпорынға қарауға жолдау үшін 20 (жиырма) минут ішінде сұранымға қол қояды;
кеңсе сұранымды басшылық қол қойған күні тіркейді және кәсіпорынға қарауға жолдайды;
5 5) кәсіпорын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттеп қарайды және олар бойынша өз құзыреті шегінде орындаушыға қорытынды жолдайды;
6 6) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
басқарма басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде келіседі;
басшылық 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
7 7) кеңсе 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.
4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9 9. Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП арқылы жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль көмегімен ЭҮП-де тiркелудi жүзеге асырады (ЭҮП-де тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2 2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алушы үшін ЭҮП-де ЖСН/БСН және парольді енгiзуі (авторландыру процесi);
3
3) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және оның Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректер енгізу), сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
4 4) шарт - ЭҮП-де ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
5 5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының төлнұсқалығының расталмауына байланысты сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6
6) 4-процесс - қызметті көрсетуге арналған сұранымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыруы және электрондық құжатты (сұранымды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жолдау;
7 7) 5-процесс - электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сында тіркеу;
8 8) 6-процесс - осы Регламенттің 5-тармағына сәйкес кәсіпорынның қорытындысы негізінде сұратылып отырған көрсетілетін қызметке хабарлама қалыптастыру;
9 9) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сында қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
10 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
11
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл жасасуы бірізділігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
2.1 Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
«Геодезиялық пункттерді бұзуға
немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
Шартты белгілер:
- бастапқы хабарлама;
- соңғы хабарлама;
- аралық хабарлама;
- аяқтайтын қарапайым оқиға;
- қате;
- ақпараттық жүйе;
- процесс;
- шарт;
- басқару ағыны;
- хабарламалар ағыны;
- көрсетілетін қызметті алушыға берілетін электрондық құжат.
2.2 «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Геодезиялық пункттерді бұзуға
немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
3 «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154
бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына 3-қосымша
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 6-тармағына сәйкес жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) не осы Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып көрсетілген қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен берілген өтініштің болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің басталуына негіз болып табылады.
5 5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына (бұдан әрі – басшылық) береді;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, кеңсе құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
2 2) басшылық құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына (бұдан әрі – басқарма басшысы) береді;
3 3) басқарма басшысы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде қарар жазады және құжаттарды орындаушыға береді;
4 4) орындаушы құжаттар түскен күні 5 (бес) сағат ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қарауға жолдайды не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді;
5 5) кәсіпорын 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыс көлемін айқындайды және орындаушыға төлем шотын жолдайды;
6 6) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға төлем жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын (түбіртегін) тапсырғаннан кейін кәсіпорынға мәліметтерді беруге хабарлама жолдайды;
7
7) кәсіпорын мәліметтерді беруге арналған хабарлама және мәліметтерді беруі үшін қызметке төлем жасалғаны туралы төлем құжаттары (түбіртек) түскен сәттен бастап 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәліметтерді іріктеуге, дайындауға кіріседі және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәліметтерді беруді жүргізеді.
6 6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) кеңсе құжаттарды қабылдайды, тексереді, тіркейді және басшылыққа береді;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, кеңсе құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
2 2) басшылық қарар жазады және құжаттарды басқарма басшысына береді;
3 3) басқарма басшысы қарар жазады және құжаттарды орындаушыға береді;
4 4) орындаушы құжаттарды кәсіпорынға қарауға жолдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді;
5 5) кәсіпорын жұмыстар көлемін айқындайды, орындаушыға төлем шотын жолдайды;
6 6) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға төлем жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды және кәсіпорынға мәліметтерді беруге хабарлама жолдайды;
7 7) кәсіпорын мәліметтерді іріктеуге, дайындауға кіріседі және көрсетілетін қызметті алушыға мәліметтер беруді жүргізеді.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері):
1 1) кеңсе;
2 2) басшылық;
3 3) басқарма басшысы;
4 4) орындаушы тартылған.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1 1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды басшылыққа береді;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, кеңсе құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
2 2) басшылық құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде қарар жазады және құжаттарды басқарма басшысына береді;
3 3) басқарма басшысы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде қарар жазады және құжаттарды орындаушыға береді;
4 4) орындаушы құжаттар түскен күні 5 (бес) сағат ішінде оларды кәсіпорынға қарауға жолдайды не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді;
5 5) кәсіпорын 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыс көлемін айқындайды және орындаушыға төлеу есеп-шотын жолдайды;
6 6) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға төлем жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын (түбіртегін) тапсырғаннан кейін кәсіпорынға мәліметтерді беруге хабарлама жолдайды;
7
7) кәсіпорын мәліметтерді беруге арналған хабарлама және мәліметтерді беруі үшін қызметке төлем жасалғаны туралы төлем құжаттары (түбіртек) түскен сәттен бастап 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәліметтерді іріктеуге, дайындауға кіріседі және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәліметтерді беруді жүргізеді.
4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл жасасуы бірізділігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
3.1 «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
«Геодезиялық және картографиялық
қызмет субъектiлерiне жоспарланып
отырған жұмыс учаскелерiнде
жергiлiктi жерлердiң геодезиялық
және картографиялық жағынан
зерделенгендiгi туралы тиiстi
мәлiметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.