Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 36 · қабылданған 26.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-371/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 36 ·26.07.2016
26.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 36 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 371 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
26.07.2016
Көрсетілген редакция
26.12.2016 105517_250146.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16LD005577
ЭКБ идентификаторы
105517
Редакция идентификаторы
105517_250146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:15

0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның

мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» Қазалы аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
24 желтоқсандағы №371 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы LІ сессиясының №371 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5311 нөмірімен тіркелген, аудандық «Қазалы» газетінде 2016 жылғы 20 ақпандағы №14 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
3-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Қазалы аудандық бөлімшесі;»;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Орта білім алғаннан кейін «Бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Делмұханов_____________
« 26 » шілде 2016 жыл

Қолданыстағы