Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 января 2015 года № 48 «Об утверждении Программы курсов обучения по специальной подготовке специалистов негосударственных противопожарных служб, а также образца свидетельства об их окончании»

Бұйрық · № 294 · қабылданған 29.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-48/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 января 2015 года № 48 «Об утверждении Программы курсов обучения по специальной подготовке специалистов негосударственных противопожарных служб, а также образца свидетельства об их окончании» Қолданыста Бұйрық ·№ 294 ·29.07.2025
29.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 января 2015 года № 48 «Об утверждении Программы курсов обучения по специальной подготовке специалистов негосударственных противопожарных служб, а также образца свидетельства об их окончании»

Қолданыста Бұйрық ·№ 294 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 января 2015 года № 48 «Об утверждении Программы курсов обучения по специальной подготовке специалистов негосударственных противопожарных служб, а также образца свидетельства об их окончании»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
294
Қабылданған күні
29.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
15.08.2025
Көрсетілген редакция
29.07.2025 212971_770718.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036551
ЭКБ идентификаторы
212971
Редакция идентификаторы
212971_770718
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:01

0 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған:
1) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.»;
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқытылатын лауазымдар санаты мен оқытудың тақырыптық жоспарларын айқындайды.»;
көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
1-қосымша»;
көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
2-қосымша»;
көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
3-қосымша»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының орталық өрт байланыс пунктімен, авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерімен, өзара іс-қимыл қызметтерімен, кезекшілік және өртке, аварияға шығу режимдерінде күзетілетін объектілердің диспетчерлік қызметтерімен байланыс
2
1
1
»;
көрсетілген Бағдарламаға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
4-қосымша»;
көрсетілген Бағдарламаға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
5-қосымша»;
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік үлгісін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 29 шілдедегі
№ 294
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша
Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі
Мамандандырылған
оқу орталығының атауы
Оқу орнының логотипі
Наименование
Специализированного учебного центра
Осы куәлік__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________ арнайы даярлау курсын ойдағыдай өткенін растайды
оқыту кезеңі _____________________________________________________________
Директор ___________________________________ (Т.А.Ә.(ол болған кезде)
(қолы)
М.О.
Берілген күні 20__жылғы «____»__________

Қолданыстағы