Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 «Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов»

Бұйрық · № 154/НҚ · қабылданған 18.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-484-ekb-124738/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 «Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов» Қолданыста Бұйрық ·№ 154/НҚ ·18.09.2018
18.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 «Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 154/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 «Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов»
Атауы (қаз.)
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
154/НҚ
Қабылданған күні
18.09.2018
Көрсетілген редакция
18.09.2018 124738_354731.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017395
ЭКБ идентификаторы
124738
Редакция идентификаторы
124738_354731
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:12

0 «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды

мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің
нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдау;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжатты www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру.»;
16, 17, 18-тармақтары алып тасталсын;
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы « » ___________

1 Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 154/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Ғарыш объектілерін
және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
_________________________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)
________________________________________________________________ ғарыш объектісін
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және __________________________________________
_______________________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
_____________________________________ «___»_________________________________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км _____
еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________
Қосымша мәліметтер: ___________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
___________________________________________________________________
(өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ ж. «___» ___________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

2 Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____куәлік

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 154/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Ғарыш объектілерін
және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы
№_____куәлік
1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты
2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі
3. Ұшырылған күні және орны
4. Орбитаның негізгі параметрлері
5. Тіркелген құқық түрі *__________________________________________________
(құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)
6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға _______________________
________________________________________________________________________________
7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің
тіркелімінде тіркелгендігі расталады
____________________________ ____________ _____________________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ж. «___» _________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

Қолданыстағы