О внесении дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 "Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 "Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов"
- Атауы (қаз.)
- "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 723
- Қабылданған күні
- 26.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2015 93645_56098.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011889
- ЭКБ идентификаторы
- 93645
- Редакция идентификаторы
- 93645_56098
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:21
0 «Ғарыш объектілерін және оларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын және ғарыш объектілері
тіркелімінің нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484
бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген кезде ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып);
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптары қолданылмайды.».
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы
31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Е. Досаев
2015 жылғы 16 шілде
0 Ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының 2015 жылғы
26 маусымдағы № 723
бұйрығына қосымша
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-1-қосымша
Нысан
Ғарыш объектісіне құқықтардың
(құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш
__________________________________________________________________________
тиесілі (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның
тіркелген жері)
____________________________________________________ ғарыш объектісін
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және
___________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
_______________________________________________«___»______________________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км _____________
еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. __________________
Қосымша мәліметтер:_______________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________________
___________________________________ _________ ____________________________
(өтініш беруші) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
М.О.
(бар болса)
20___ ж. «___» ___________