Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 «Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов»

Бұйрық · № 547 · қабылданған 27.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-488/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 «Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 547 ·27.12.2018
29.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 «Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 547 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 «Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов»
Атауы (қаз.)
«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
547
Қабылданған күні
27.12.2018
Көрсетілген редакция
29.08.2024 128102_719206.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018131
ЭКБ идентификаторы
128102
Редакция идентификаторы
128102_719206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:41

0 «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі»;
8 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген үміткерлердің конкурстық ұсыныстарын ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді»;
18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.»;
1 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 547 бұйрығына
қосымша
Міндетті теле-,
радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері жөніндегі
Комиссияның төрағасына
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурсқа қатысуға арналған өтінім
Жалпы мәліметтер:

1 1. Заңды тұлғаның толық атауы

/ жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________

2 2. Заңды мекенжайы:

_____________________________________________________________

3 3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:

_____________________________________________________________

4 4. Теле-, радиоарнаның атауы:

_____________________________________________________________

5 5. Тақырыптық бағыты:

_____________________________________________________________

6 6. Таратылу аумағы:

_____________________________________________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. «__» ____________

Қолданыстағы