О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 24 июля 2015 года № 5С-44/2 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Бурабайском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 24 июля 2015 года № 5С-44/2 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Бурабайском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 «Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-2/4
- Қабылданған күні
- 12.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2020 103038_446184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BS005397
- ЭКБ идентификаторы
- 103038
- Редакция идентификаторы
- 103038_446184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:13
0 Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 «Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) бұйрығының 1 қосымшасымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің косымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, оны «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бурабай аудандық бөлімі арқылы немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырады.».
2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов