Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 24 ноября 2015 года № 6001-15-7-6/486 «Об утверждении Правил технического применения средств аудио-, видеозаписи, обеспечивающих фиксирование хода судебного заседания, хранения и уничтожения аудио-, видеозаписи, доступа к аудио-, видеозаписи»

Бұйрық · № 6001-17-7-6/185 · қабылданған 15.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-6001-15-7-6486-ekb-112523/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 24 ноября 2015 года № 6001-15-7-6/486 «Об утверждении Правил технического применения средств аудио-, видеозаписи, обеспечивающих фиксирование хода судебного заседания, хранения и уничтожения аудио-, видеозаписи, доступа к аудио-, видеозаписи» Қолданыста Бұйрық ·№ 6001-17-7-6/185 ·15.05.2017
15.05.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 24 ноября 2015 года № 6001-15-7-6/486 «Об утверждении Правил технического применения средств аудио-, видеозаписи, обеспечивающих фиксирование хода судебного заседания, хранения и уничтожения аудио-, видеозаписи, доступа к аудио-, видеозаписи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 6001-17-7-6/185 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 24 ноября 2015 года № 6001-15-7-6/486 «Об утверждении Правил технического применения средств аудио-, видеозаписи, обеспечивающих фиксирование хода судебного заседания, хранения и уничтожения аудио-, видеозаписи, доступа к аудио-, видеозаписи»
Атауы (қаз.)
«Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6001-17-7-6/185
Қабылданған күні
15.05.2017
Көрсетілген редакция
15.05.2017 112523_189596.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015195
ЭКБ идентификаторы
112523
Редакция идентификаторы
112523_189596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:06

0 «Сот отырысының барысын түсіріп

алуды қамтамасыз ететін аудио-,
бейнежазба құралдарын техникалық
қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау
және жою, аудио-, бейнежазбаға қол
жеткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы
24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережесінің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтінішхаты бойынша сот осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша арыздың негізінде сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін ұсынады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сот қызметкері аудио-, бейнежазбасының көшірмесін жазудан бұрын материалдық (электрондық) жеткізгішті форматтайды»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық әділет орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін беру туралы арызы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
аппаратының) басшысының м.а.
2017 жылғы 15 мамырдағы
№ 6001-17-7-6/185 бұйырығына
қосымша
Сот отырысының барысын түсіріп алуды
қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба
құралдарын техникалық қолдану, аудио-,
бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-,
бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларына
қосымша
нысан
Судья_______________________________
(Т.А.Ж. (болған жағдайда) соттың атауы)
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ж. (болған жағдайда)
_____________________________________
(тұратың мекен-жайы, телефон нөмірі)
Сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін беру туралы
арызы
Маған _______________________________________________________
іс/материал бойынша 20___ж. «___» ______________________________________________
________________________________________________________________________________
(материалдық (электрондық) жеткізгіште/ақпараттық сервис арқылы (астын сызыңыз).
сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін беруіңізді сұраймын.
Мыналарды:

1 1) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін іске қатысатын басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, тек өз құқықтарын қорғау үшін ғана қолдануға;

2 2) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернет желісінде таратпауға;

3 3) ұсынылатын сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенемін.

20____ ж. «____» ________________________________ _______________.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-тің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-тің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.
Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса берілді.
Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.
__________ ___________
(күні) (қолы)

Қолданыстағы