О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2015 года №349 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Махамбетском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2015 года №349 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Махамбетском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №349 «Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 26.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2024 102236_699445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TC003505
- ЭКБ идентификаторы
- 102236
- Редакция идентификаторы
- 102236_699445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:24
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 «Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №349 «Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3433 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың:
4 тармағындағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Махамбет аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Махамбет аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармағының 3) тармақшасының 2 абзацы алынып тасталсын.