О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 105 «Об утверждении Правил производства привода антикоррупционной службой по делам об административных правонарушениях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 105 «Об утверждении Правил производства привода антикоррупционной службой по делам об административных правонарушениях»
- Атауы (қаз.)
- «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 05.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2022 175046_609727.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031022
- ЭКБ идентификаторы
- 175046
- Редакция идентификаторы
- 175046_609727
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:19
0 «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шақыру туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып танылады: «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бұйрықтарына (бұдан әрі – Бұйрықтар) сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылған адамның келуіне мүмкіндік бермейтін ауру, жақын туыстарының қазасы және адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айырған төтенше жағдайлар.»;
қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелу туралы ҰЙҒАРЫМ
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 434 бұйрығына
қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылық
істері бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметпен
күштеп әкелу қағидаларына
қосымша
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен әкiмшiлiк іс бойынша
iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн
күштеп әкелу туралы
ҰЙҒАРЫМ
20__ жылғы «__» ___________
__________________________________________________________________
(қаланың, ауданның атауы)
__________________________________________________________________
(лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы
____________________________________________________________________
ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның арнаулы атағы
(бар болған жағдайда), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
____________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқаша мазмұны)
__________________________________________________________________
_____________________________________________________________ туралы
20 ___ жылғы «___» _________ № _____ әкімшілік іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
____________________________________________________________________
(келуден жалтарып жүрген адамды күштеп әкелудің себептері мен мақсаты)
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жоғарыдағылардың негізінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасы кодексі 790-бабының екінші бөлігін басшылыққа
ала отырып,
ҰЙҒАРДЫМ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұратын (тұрғылықты) орны, заңды тұлғаның орналасқан
жері бойынша мекенжайы)
____________________________________________________________________
тұратын (жұмыс істейтін)
____________________________________________________________________
(күштеп әкелуге жататын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы, заңды мекенжайы)
__________________________________________________________ ғимаратына
№ ______ кабинетке жергілікті уақыт бойынша _____ сағат _____ минутта
күштеп әкелу қамтамасыз етілсін.
2. Ұйғарымды орындау _____________________________________________
____________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы)
________________________________________________________ тапсырылсын.
3. Ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға орындалу нәтижесі туралы хабарлансын.
4. Ұйғарымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға
болады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Ұйғарым шығарған тұлғаның лауазымы,(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда), арнаулы атағы (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Ұйғарыммен таныстым: _____________________________________________
__________________________________________________________________
күштеп әкелуге жататын тұлғаның (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда), танысу уақыты және күні)