Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 24 мая 2016 года № 112 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»

Қаулы · № 359 · қабылданған 28.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2016-no-112/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 24 мая 2016 года № 112 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства» Күшін жойған Қаулы ·№ 359 ·28.12.2017
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 24 мая 2016 года № 112 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 359 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 24 мая 2016 года № 112 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
359
Қабылданған күні
28.12.2017
Көрсетілген редакция
25.12.2019 118184_694809.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17T0004047
ЭКБ идентификаторы
118184
Редакция идентификаторы
118184_694809
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:16

0 Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 112 «Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3539 болып тіркелген, 2016 жылы 2 шілдеде «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды, олардың тіркелуін жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы кіріс құжаттарымен танысады, түскен күні мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде рұқсаттық бақылау жүргізеді;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапқа немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеуге және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді – түскен күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қарауды тоқтату туралы қол қойылған дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.»;
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.»;
1, 2-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.А.Сүйіншәлиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 359 қаулысына 1-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

5 Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 359 қаулысына 2-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы