Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 217 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций нефтегазодобывающей отрасли»

Бұйрық · № 396 · қабылданған 01.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2016-no-217/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 217 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций нефтегазодобывающей отрасли» Қолданыста Бұйрық ·№ 396 ·01.12.2022
01.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 217 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций нефтегазодобывающей отрасли»

Қолданыста Бұйрық ·№ 396 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 217 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций нефтегазодобывающей отрасли»
Атауы (қаз.)
«Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
01.12.2022
Көрсетілген редакция
01.12.2022 174932_607250.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030984
ЭКБ идентификаторы
174932
Редакция идентификаторы
174932_607250
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:27

0 «Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары

басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы
24 мамырдағы № 217 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы әдістемелік құжаттарын;
ана мен баланы қорғауды, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды реттейтін отбасы, еңбек, тұрғын үй заңнамасының нормаларын;
азаматтық құқық негіздерін, психология мен әлеуметтану негіздерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін;
қамқоршылық, қорғаншылық белгілеу, бала асырап алу, ата-ана құқығынан айыру, арнайы оқу-емдеу (тәрбиелеу) мекемелеріне жіберу тәртібі мен ұйымдастыруды;
отандық және шетелдік озық әлеуметтік жұмыс тәжірибесін;
тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшелігін;
медициналық-әлеуметтік жұмысты, халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды;
ұлттық тұрмыс және отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, өңірдің салт-дәстүрлерін білуі тиіс.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Қолданыстағы