О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 24 марта 2016 года № 85 «Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 24 марта 2016 года № 85 «Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 161
- Қабылданған күні
- 06.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2018 122779_382631.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0004769
- ЭКБ идентификаторы
- 122779
- Редакция идентификаторы
- 122779_382631
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:11
0 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына (2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
______________ В.Бубенко
2018 жылғы 06 маусым
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы 06 маусымдағы
№ 161 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 85 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1 1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2 2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3 3) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес басшысы;
4 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы;
5 5) негізгі орта, жалпы орта бiлiм берудiң, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6 6) дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7 7) логопед-мұғалім - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8 8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының өндірістік оқыту шебері - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
9 9) педагог-психолог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10 10) қосымша білім беретін педагог - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11 11) бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушысы-оқытушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
12 12) ұйымдастырушы-педагог - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
13 13) оқытушы-жаттықтырушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
14 14) әлеуметтік педагог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
15 15) тәрбиеші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
16 16) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
17 17) әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
18 18) жетекші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
19 19) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
20 20) мейірбике/мейіргер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
21 21) зертханашы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
22 22) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
23 23) кітапхана меңгерушісі;
24 24) шеберхана меңгерушісі;
25 25) әдіскер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
26 26) библиограф - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
27 27) кітапханашы - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
28 28) аккомпаниатор - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
29 29) концертмейстер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
30 30) мәдени ұйымдастырушы – біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
31 31) хормейстр - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;
32 32) көркемдік жетекші - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі мамандар;
33 33) барлық аталымдағы суретшілер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар.
2 2. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық аурухананың, аудандық емхананың, аудандық диспансердің басшысы;
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың, сәулелі диагностика бөлімшесінің, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру, стоматологиялық кабинеттің немесе бөлімшесінің) және параклиникалық (зертхана) бөлімшелерінің меңгерушілері;
4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары;
5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, қызметтің, бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау) басшылары;
6 6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;
7 7) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8 8) мейірбике/мейіргер, провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
9 9) денсаулық сақтау сарапшы-маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медициналық физик, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер радиохимик - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
10
10) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейірбике/мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейірбике - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;