О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 129 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 129 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 861
- Қабылданған күні
- 21.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2017 116883_265656.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000861
- ЭКБ идентификаторы
- 116883
- Редакция идентификаторы
- 116883_265656
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:39
0 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы
қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған
республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
4-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында № 96 бұйрықта көрсетілген адамдарға (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарды қоспағанда) паллиативтік көмек көрсетуге;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация;»;
6-тарау алып тасталсын.