О внесении изменений в решение маслихата от 24 ноября 2017 года № 138 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 24 ноября 2017 года № 138 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 24.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2021 135599_537904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NR008719
- ЭКБ идентификаторы
- 135599
- Редакция идентификаторы
- 135599_537904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:07
0 Мәслихаттың 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 (2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде «аудандық мәслихат» сөз тіркесі «ауданның мәслихаты» деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Бейімбет Майлин ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.».